Қазақстанда

КОРОНАВИРУСТАН БАСҚА ҚАНДАЙ АУРУЛАР ТАРАҒАН КЕЗДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ?

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде карантин жарияланатын инфекциялық аурулардың тізімін бекітуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бұйрық НҚА сайтында жарияланды.
Аталмыш құжатта инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және карантин кезінде кәсіпкерлік және өзге де нысандардың жұмыс істеу қызметін қадағалайтын шаралар қамтылған.

Сонымен қатар, елде карантин жариялауға әкеп соғатын инфекциялық аурулардың тізімі бекітілген.

Бұйрықта атылмыш инфекциялық және паразиттік аурулар Қазақстан аумағында таралған жағдайда, еліміздің бас санитариялық дәрігері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде немесе елдің бүкіл аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізілетіндігі жайлы жазылған.

Жоба 28 тамыздан бері талқыланып жатыр. Талқылау 14 қыркүйекке дейін болады.

dauletten.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button