АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 15 697 НОУТБУК ЖЕТКІЗІЛУДЕ (ВИДЕО)

«Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесі республикалық және жергілікті бюджеттен сатып алынған планшет, компьютер және ноутбуктардың бөлінуі мен мектептерге жеткізілуіне қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі компьютерлер аз қамтылған, көп балалы отбасындағы оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестіріледі.


Облыс мектептерін жаңа компьютерлік техникалармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 2 млрд. 866 мың теңге, облыстық бюджеттен 555 млн бөлінді. Атырау қаласына барлығы 15 697 ноутбук, 1926 компьютер және 2499 планшет жеткізілуде.
«18 қыргүйектен бастап облысқа 2499 планшет келіп жетіп, оның 500-і қала мектептеріне таратылды. Ал, 21-22 қыргүйек күндері Мақат ауданына- 206, Махамбет ауданына- 273, Исатай ауданына -240, Жылыой ауданына -400, Индер ауданына -240, Құрманғазы ауданына -400, Қызылқоға ауданына -240 планшет жіберілді», – дейді «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button