АТЫРАУДА ЕКІ КҮННІҢ ІШІНДЕ 17 ЖЕҢІЛ ЖҮРІСТІ ҚЫЗ АНЫҚТАЛДЫ

by Depti
0 views

Республикалық “Учаске” жедел профилактикалық алдын алу іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тек екі күнде қаладағы “Авангард”,” Алмагүл ” және “Вокзал маңы” ықшам аудандары мен Абай, Махамбет көшелеріндегі көп қабатты үйлердің пәтерлерлерінде клиенттерге “қызмет көрсетумен” айналысуды кәсіп еткен 17 қызды анықталды
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы “қоғамдық орындарда сексуалдық сипатта қызметтер көрсету”, 492-бабы “ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру” бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жеке басы құжаттары жоқ 4 бойжеткен полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Сонымен қатар, осы пәтерлерді жалға берген пәтер иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы “Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру” бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жауапкершілікке тартылды “Учаске” профилактикалық жедел шара 1 желтоқсанға дейін жалғасуда.

Фото ашық дереккөзден алынды

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com