АТЫРАУДА

СОҒЫСТА ЖОҒАЛҒАН АТЫРАУЛЫҚ САРБАЗДЫҢ ТУЫСТАРЫ ТАБЫЛДЫ

«Атамның аманаты» республикалық қоғамдық қоры соғыста із-түзсіз жоғалып кеткен қызыл әскер Темірәлі Сәрсенғалиевтың туысқандарын табуда өздеріне көмек көрсеткен Атыраулық полиция майоры Бағытжан Исаевтың еңбегіне алғыс білдіріп, Атырау облысы әкімдігіне хат жолдаған, – depti Атырау облысы Полицмя департаментінің баспасөз қызметі.

1e451ea4 e5d4 4562 a966 ef32d143e7a6

Темірәлі Сәрсенғалиев 1922 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданының Жамбыл колхозы, Мұратов ауылдық кеңесінде туған. Отан соғысында «Қызыл жұлдыз» және Сталинградты минадан тазартудағы еңбегі үшін «1 дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. 1945 жылы Чехословакия елінің Тиковица ауылында із-түссіз жоғалып кеткен.
Суретші П.И.Баранов салған Т.Сәрсенғалиевтың суреті Ресей Федерациясы Волгоград қаласындағы мұражайда «Сталинградская битва» панорамасында орналастырылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button