АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 700-ДЕН АСТАМ КӨЛІК ИЕЛЕРІ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН

Атырау облысында полиция қызметкерлері  «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасының төрт күнінде  160-қа жуық автокөлікті айыппұл тұрақтарына қойды.

«Іс-шараның төрт күнінде полиция қызметкерлері 10 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар өндіріп, 160-тан астам автокөлік жүргізуші-борышкерді (оның ішінде 90- астам автокөлік «Автоураган» жылжымалы кешендермен) анықтап, көліктері  айыппұл тұрақтарына жеткізілді. Тұраққа қойылған  көліктің 100-ден астамы Ресейге, 40-тан астам көлік Арменияғатіркелгендер» – depti облыстық ПД баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ, камералардың көмегімен анықталған жолда жүру қозғалысын бұзған жүргізушілерге айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы рәсімделген 700-ден астам нұсқамалар (472-РФ, 214- Армения Республикасында, 32-Қырғыз Республикасында тіркелген көліктер) тікелей тапсырылды. Шара барысында полиция қызметкерлері  азаматтарға айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігі, айыппұлдарды ерікті төлеу мерзімінің өтуі жағдайында ықтимал салдары, төлеу тәсілдері туралы түсіндірді.

Айта кетейік, облыс аумағында  8 ақпан мен 16 ақпан аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button