Әлемде

ЕКІ КӘСІПКЕРДІҢ ДЕНЕСІ ӨЛІ КҮЙДЕ ТАБЫЛДЫ

Испанияның Дения әкімшілігіндегі үйден екі бизнесменнің қайтыс болғаны мәлім болды. 

Información басылымының жазуынша, өлімге үйдегі газдың шамадан тыс тарауы себеп болған. 62 жастағы екі бизнесмен бір үйдің екі бөлмесінде жатқан. Газдың жайылуы себебінен ұйқыдан тұра алмаған. Бірінің туысы телефонына қоңырау шалып, ала алмаған соң жергілікті полицияға хабар берген. Сот-медициналық сараптамасы екеуіне ешқандай зорлық көрсетілмегенін дәлелдеген. Тіпті, үй ішін тонау да болмаған. Екі бизнесмен де – ресейлік. Олардың аты-жөні аталмады. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button