САРАПТАМА

ҰСТАЗДАР ДА ВОЛОНТЕРЛІКТЕН ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ (ВИДЕО)

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Еріктілер жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдауға арналған шараға білім ордасының оқушылары, ұстаздары мен өңірде бірнеше жылдан бері ерікті болып жүрген белгілі азаматтар жиналды.

Мектеп директоры Құралай Ахмадиева қатысушыларға еріктіліктің қазіргі қоғамдағы өзектілігіне тоқталды. Ол волонтерлік қызметтің ұлттық дәстүрімізге жат емес екендігін және күні бүгін заманауи қоғамның өзіндік қажеттілігіне орай өзгергенін тілге тиек етті. Еріктілер жылының ашылу рәсімінде Құралай Тілеубердіқызы жуырда мектеп қауымдастығы өткізген қайырымдылық жәрмеңкенің қаражатын «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық ұйымының жетекшісі Ерлан Күмісқалиевке табыстады.

– Біздің елімізде көптеген салалардың дамуымен бірге әлі де терең зерттеуді, дамытуды қажет ететін мәселелер көп. Солардың бірі туа бітті денсаулығында ақауы бар балалар. Бұл сәбилерге ерекше күтім керек. Олардың ата-аналары және сауығып келе жатқан балалар баршамыздың қолдауымызға зәру. Сондықтан сіздердің тарапыңыздан көрсетілген көмекке мен шын алғысымды білдіремін», – depti «Маленькая страна» қоғамдық қорының жетекшісі Ерлан Күмісқалиев.

Айта кетсек, Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылдан бері оқушылардың «Ықылас» еріктілер клубы, 2019 жылдан бері «Ұстаз волонтер» еріктілер клубы жұмыс жасауда.

otkrytie20goda20volonterov202012
otkrytie20goda20volonterov202017

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button