АТЫРАУДА

АТЫРАУДА АРЗАН БАҒАДАҒЫ ӘУЕБИЛЕТТЕР САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

FlyArystan әуекомпаниясы  ұшу аймақтарын кеңейтіп, Атырау өңірлік базасын ашады. Олар 2020 жылдың 15 маусымынан бастап ішкі рейстерді іске қосады.

Сыйымдылығы 180 адамға арналған Airbus A320 әуекемесімен ұшу үшін flyarystan.com. сайты арқылы әуебилетті рәсімдеп, мұнайлы өлкенден 9 бағытқа жетуге мүмкіндік туды.

Билет бағалары:

  •  4 999 теңгеден бастап  – Ақтау (күнделікті), Ақтөбе(аптасына 4 рет), Орал  (аптасына 3 рет);
  •  6 999 теңгеден бастап  – Қостанай және Қызылорда (аптасына 2 рет);
  • 9 999 теңгеден бастап – Шымкент (аптасына 4 рет);
  • 11 999 теңгеден бастап  – Қарағанды (аптасына 3 рет);
  • 12 999 теңгеден бастап  – Нұр-Сұлтан (аптасына 2 рет);
  • 14 999 теңгеден бастап – Алматы (аптасына  2рет).

FlyArystan әуекомпаниясының коммерциялық директоры Жанар Жайлауова Атырау облысы еліміздегі  индустриалды бағытта дамыған өңір екендігін атап өтті. Сондықтан аталған аймақта ішкі әуе тасымалын дамыту потенциалы жоғары.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button