АТЫРАУДА

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ: БІЗДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

Қоғамдық қабылдауға қатысушылар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек мәселесі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қатысты сауалдар қойды.  Өңір тұрғындары тарапынан көтерілген бұл мәселелердің шешімі жіті қадағаланатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

whatsapp image 2020 06 11 at 16.00.17 1

Облыс әкімі қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық жауап беруді қала мен аудан әкімдеріне және тиісті басқармаларға жүктеп, тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мәселелердің шешілуін жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

– Біздің басты мақсатымыз – халықтың  әл-ауқатын арттыру. Кез-келген тұрғынның мәселесі біз үшін маңызды. Сондақтан халықты толғандыратын барлық мәселелер бақылауымызда, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button