САРАПТАМА

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӨЗ ЛАУАЗЫМЫНАН КЕТТІ

2019 жылдың наурыз айынан бері Атырау қаласы әкімнің орынбасары болған Ұлықбек Тінәлиев қызметін босатты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. Бірақ Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі әлі ресми хабарлама таратқан жоқ.

«Мен басқа жұмысқа ауысуыма байланысты мен Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылдым. Сіздердің қолдауларыңыз бен үлкен ұжымның арқасында мен үлкен тәжірибе жинадым, тұрғындармен тікелей жұмыс жасадым.

Аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарғанымда ауылдардың қалай өмір сүріп жатқанымен таныстым: Содан кейін облыстағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында орынбасар болып қызмет еттім. Ол жерде стратегиялық жоспарлау және даму, орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша үйренгенім көп болды. Одан соң Атырау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болу да үлкен тәжірибе алуыма мүмкіндік берді.

Сондықтан бұрынғы басшыларыма, тәлімгерлеріме, әріптестеріме, ардагерлерге, қала мен облыс тұрғындарына, БАҚ өкілдеріне, азаматтық белсенділерге, еріктілерге, блогерлерге және тағы да басқа айтылмай қалғандарға сенімдеріңіз бен көмектеріңіз, үшін шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз маған күш берді!», – depti қала әкімінің бұрынғы орынбасары.

Ұлықбек Тінәлиевтің нақты қайда ауысып жатырғандығы белгісіз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button