АТЫРАУДА БАЛАЛАР ЖАППАЙ ІШЕК АУРУЫМЕН АУЫРЫП ЖАТЫРҒАНЫ РАС ПА?

by Depti
1 views

Әлеуметтік желілерде тараған Атырауда балалар арасында жедел ішек ауруы, диарея көбейді делінген  ақпарат шындыққа жанаспайды,- depti Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта елдегі пандемия жағдайына байланысты №2 Атырау облыстық ауруханасы “COVID-19”  жұқтырған науқастарды ғана емдейді. 

Аталған ауруханадағы «Жұқпалы аурумен ауыратын балалар» бөлімшесі уақытша Атырау облыстық балалар ауруханасына эпидемиологиялық стационар ретінде ауыстырылды. Сол себепті инфекциялық жұқпамен ауырып келген балаларды Атырау облыстық балалар ауруханасы қабылдауда.

Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетовтың айтуынша, биылғы жылдың 1 тамызынан 4 қыркүйекке дейінгі аралықта облыстық балалар ауруханасынан 62  науқас емделіп шықты. 
“Өткен жылда дәл осы кезеңде жұқпалы аурумен 208 науқас қабылданған. Биылғы жылы 146 науқасқа төмен. Әлеуметтік желіде балалар арасында диарея тарады деген ақпарат жалған,- деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетов.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com