АТЫРАУДА

Атырауда екі азамат шет елден әкелген көлігін заңды түрде тіркеді

«Атырау облысының ХҚКО-да  алғашқы болып Армениядан Қазақстанға әкелінген көліктер тіркеуден өтті. Көлік иелерінің ыңғайына қарай ХҚКО ЕЭО мемлекеттерінің көліктерін тіркеу үшін  демалыс күндері де қызмет жасайды. Бұдан бөлек жүргізушілер көліктерін рәсімдеу бойынша барлық ақпаратты сағат 9:00-20:00 аралығында – 8707 525 74 86  нөмірі арқылы алуына болады» – депті  облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Toyota Camry» автокөлігің иесі 29 жастағы Атырау тұрғыны Аслан Иманғалиев. Оның айтуынша: «Армениядан көлігімді бір жыл бұрын алып келдім. Тіркеуден өткізу дұрыс деп шештім. ХҚКО-нің демалыс күндері қызмет жасағаны өте ыңғайлы. Осы жерден төлем жасалып, ресми түрде тіркеуден өтті. Барлық қызметтер жылдам жүрді» – депті

Алайда, сары нөмірді алу үшін қанша қаражат кеткендігі айтылмады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button