АТЫРАУДА

Атырауда 50-ге жуық көлік айыппұл тұрақтарына қойылды

Атырау облысында полиция қызметкерлері  «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасының екі күнінде   50-ге жуық автокөлікті айыппұл тұрақтарына қойды.

Облыс аумағында   8 ақпан мен 16 ақпан аралығында   «Борышкер»   жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жедел-профилактикалық іс-шараға 250-ден аса полиция қызметкерлері, оның ішінде әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері мен сот орындаушылар қатысуда.

«Іс-шараның екі күнінде полиция қызметкерлері 50-ге жуық автокөлік жүргізуші-борышкерді анықтап, оның ішінде 20-ға жуығы автокөлік «Автоураган» жылжымалы кешендермен анықталып, айыппұл тұрақтарына жеткізілді», – депті облыстық ПД. 

Тұраққа қойылған  көліктің 29-Ресей, 13-Армения республикасында тіркелгендер.   

Сондай-ақ , камералардың көмегімен анықталған жолда жүру қозғалысын бұзған жүргізушілерге айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы рәсімделген 130 нұсқамалар тікелей тапсырылды. Шара барысында Жергілікті полиция қызметкерлерімен  азаматтарға айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігі, айыппұлдарды ерікті төлеу мерзімінің өтуі жағдайында ықтимал салдары, төлеу тәсілдері туралы түсіндірілді. Аталмыш шара одан әрі жалғасуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button