АТЫРАУДА

Атыраулық полицейлер жағдайы төмен отбасыға көмектесті

Полиция қызметкерлері жайсыз отбасы есебінде тұрған​ 1989 жылғы азаматшаның​ үш баласының​ тұрмыс жағдайларын тексеріп, қамқорлық танытып тұрады.

«Ауладағы қоқысты айтпағанда, үй ішіне кіре берістен төрге дейін аяқ​ алып жүргісіз шашылып жатқан​ тұрмыстық заттар мен киім-кешек, тағам қалдықтары, үйіліп жатқан қоқыс», – депті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерімен бірге келген бір топ жас еріктілер санитарлық жағдайды көріп, үйдің іші-сыртын жинап беруге өз ұсыныстарын білдірді. Келесі күні полиция қызметкерлерімен бірге келген еріктілер тобының​ мүшелері үйдің іші-сыртын ​ жинастырып, ыдыстарын жуып, төсеніштерін қағып-тазалап берді.

«Полиция қызметкерлері өткен жылы мамыр айында қаладағы Химиктер поселкесінде тұратын 1989 жылы туған бұл азаматшаның балаларын​ қаладағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына өткізген болатын. Кейіннен​ ​ ​үйінің тазалығын қалпына келтіріп,​ алдағы​ уақытта​ балаларының​ жағдайына көңіл бөлетінін айтқаны ескеріліп, 2009ж., 2015ж.,2017 жылғы​ сәбилер отбасына қайтарылды», – депті облыстық ПД баспасөз қызметі.​

Балалар өз отбасына оралғаннан соң, жағдайды көріп-білуге ​ келген​ полиция қызметкерлерін бүгінгі​ көрініс тағы алаңдатты. Тұрмыс жағдайына салғырттықпен қарап отырған 30-жастағы азаматшаға, балалардың жай-күйі полиция инспекторларымен тағыда тексерілетіні туралы​ ескерту жасалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button