АТЫРАУДА ЕКІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАДАН САЛЫНДЫ

by Depti
0 views

Атырау қаласына қарасты Ақсай және Еркінқала ауылдық округтерінде әрқайсысы 200 орындық мәдениет үйлері пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық құрылыс басқармасымен тапсырысымен және НКОК компаниясының қолдауымен 2016 жылы Атырау қаласы Ақсай ауылдық округінде «Тоныкөк» мердігерлік компаниясы құрылыс жұмысын жүргізуімен 200 орындық типтік үлгідегі мәдениет үйінің ғимараты, 2018 жылы Еркінқала ауылдық округінде облыстық құрылыс басқармасымен тапсырысымен, НКОК компаниясының қолдауымен «Разастрой» мердігерлік компаниясының құрылыс жұмыс жүргізуімен 200 орындық типтік үлгідегі мәдениет үйінің ғимаратының салынуы басталған болатын.


2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, 30 тамыз- Қазақстан Республикасы Конституциясы Күні және 1қыркүйек- Білім күні қарсаңында екі бірдей мәдениет үйі ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр.
Мәдениет үйлерінің 1-қабатында сахна, көрермен залы, реквизиттер және гримдеу кабинеттері, VIP залы, үйірмелерге арналған бөлмелер, хореография залы және ауылдық кітапхана орналасқан. 2-қабатында оператор, дыбыс пен жарық жабдықтары бөлмелері бар.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com