АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫҢДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ (ВИДЕО)

Облыс орталығындағы апатты деп танылған Достық-1 және Геолог ықшам ауданындағы №65-66-шы жатаханалар мен Бірлік ықшам ауданындағы АТП-3-тің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілді, – деп хабарлайды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.

200-ге жуық отбасы Береке ықшам ауданына қоныс аударды. Жаңа пәтерлер олардың жекеменшігіне беріледі.

Жаңа үй бәрімізге ұнап жатыр. Бөлмесі, ас үйі кең, тіпті кіреберісінде де тұрмыстық заттар үшін орын қарастырылған. Қуанышымызда шек жоқ, алғысымыз шексіз – депті, қала тұрғыны Нұрсұлу Құспанова.

Айта кетейік, бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханаларды көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен іске асуда. Мәселен, өткен жылы Құнанбаев №13, Достық №14 және Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатахана мен Әуезов көшесіндегі №22-ші тұрғын үй көшірілсе, биыл жыл басында АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы екі үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қол жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button