АТЫРАУДА САЛМАҒЫ 118 КГ БОЛАТЫН ҚОРЫТПА БАЛЫҒЫ БЕКІРЕ ЗАУЫТЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

whatsapp image 2020 09 01 at 06.59.41
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Кеше, 31 тамыз күні «Амангелді» өнеркәсібі балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қорытпа балығын аулаған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 
Қазіргі уақытта алып балық «Жайық Атырау бекіре» зауытына тапсырылды. Жынысы мен жасы анықталу үстінде. 
Айта кетейік, бекіре тұқымдас мұндай балықтар сиреп бара жатқаны үшін Қызыл кітапқа енгізілген. Бүгінде тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады.