ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНА ҚАРАЖАТ ЖИНАЛҒАН ЖӘШІКТІ ЖЫМҚЫРҒАН (ВИДЕО)

2dee78a3 ccc9 4665 97df 6e9442fb4f4b
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау қаласында белгісіз азамат дүкендерде тұрған қайырымдылық қорларына арналған жәшіктерді ақшасымен алып, оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен.
Алдымен оқиға қаладағы Дружба көшесіндегі дүкенде, екі күннен соң Сырым Датов көшесі бойында орналасқан дүкенде орын алған. Қылмыстық оқиғаның екеуі де дүкендердегі бейне камераларға жазылып қалған. Полиция қызметкерлерімен қылмысқа күдікті жедел – іздестіру барысында анықталып, Геолог ықшам ауданының 21-жастағы тұрғыны ұсталды.
Қазіргі күні Қылмыстық кодекстің 191-бабы «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.