АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЕРІКТІ ТҮРДЕ ЗАҢСЫЗ САҚТАЛЫП КЕЛГЕН ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАПСЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Республика көлемінде жүргізіліп жатқан акция барысында Атырау облысы полиция органдарына тұрғындар тарапынан 40-қа жуық атыс қарулары мен 3500-ден астам оқ-дәрілер тапсырылды. Олардың 5-і иір ойықты, қалғандары тегіс ұңғылы қарулар.

Ерікті түрде заңсыз сақтаудағы атыс қарулары мен оқ-дәрілерді тапсыратын азаматтарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 3 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Азаматтарға сыйақы ҚР Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес төленетін болады, – depti Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Айта кету қажет, ерікті түрде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Акция мақсаты, халықтан заңсыз сақталудағы атыс қарулары,оқ дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу, сондай-ақ
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз айналымдағы атыс қаруларын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың
алдын алу.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес жарияланған карантиндік режим талаптарына байланысты, қару- жарақ, оқ-дәрілерді тапсыратын азаматтар «102» операторына немесе 98-23-23, 98-21-55, 98-22-05 телефондары арқылы хабарласа алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button