АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ МАРАФОНШЫ БАСШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін 11 тамыз күні кезекті аппараттық жиын барысында аудан әкімі Халел Жамалұлы осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің бас инспекторы лауызымын атқарған Әлібек Науаровты Жылыой аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы етіп тағайындады.

Науаров Әлібек 1989 жылы Жылыой ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Тарих» бакалавры.

Алғаш еңбек өтілін 2011 жылы Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің археология және этнография ғылыми зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған.

2017-2019 жылдары Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімінің бас маманы,

2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің бас инспекторы, баспасөз хатшысы лауазымын атқарып келген.

Әлібек Науаров аудан және облыс көлемінде бұқаралық спортқа белсенді қатысушы ретінде танымал. Республиканың бірнеше қалаларындағы әр түрлі деңгейдегі және аса күрделі марафондардың қатысушысы.

2018 жылы ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Сенің жаңа қырың» атты республикалық челленджінің жеңімпазы. 2019 жылы AlmatyMarathon-ның республикалық челленджін қабылдап Құлсарыдан Ақкиізтоғайға 31 шақырымдық межені бағындырған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button