АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ІРІ КӨЛЕМДЕ АҚША ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІЛЕРДІҢ БІРІ ҰСТАЛДЫ

«Гарант 24 Ломбард»  ЖШС нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту және алаяқтық деректері бойынша ағымдағы жылдың ақпан айынан бері іздеу жарияланған азамат анықталып,  ұсталды.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні Орал қаласы аумағында  қолға түсірді. Ұсталған азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы ақпан айынан

Полиция департаментіне  «Гарант 24 Ломбард»,  ЖШС-не және «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының филиал басшыларына  азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты түскен өтініштер негізінде   қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер  жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button