АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ ДОМБЫРА СИМУЛЯТОРЫН ДАЙЫНДАП ӘЛЕМДІК ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

by Depti
0 views

Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Асқар Әлмұхаметов әлемнің үздік жас өнертапқыштарының қатарын толықтырды. Apple компаниясы ұйымдастырған инновациялық жобалар байқауында атыраулық оқушы домбыраның симуляторын дайындады, – деп хабарлайды оқу орынның баспасөз қызметі.

– Әйгілі Стив Джобс негізін қалаған Apple компаниясы бағдарламалаумен айналысатын жастарды ынталандыру үшін жыл сайын инновациялық жобалар байқауын өткізеді. Конкурстың шарты бойынша әуелі үздік жұмыстар іріктеледі. Одан соң компания өкілдері жобаның авторларымен байланысқа шығады. Мен бұл конкурсқа домбыра тартуды үйрететін симуляторды ұсындым. Симулятор Swift бағдарламалау тілімен жасалды», – дейді Асқар Әлмұхаметов.

Оның айтуынша үздік жеңімпаздар Apple компаниясы қаржыландырған білім грантына ие болады. Грант дарынды жастардың Сан-Францико қаласындағы (АҚШ) Apple кеңсесінде тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Алайда әлемде орын алған пандемияға байланысты бұл жоспар кейінге қалдырылғаны белгІлі болды. Десек те, ұйымдастырушылар Асқардың еңбегін бағалап, ынталандыру үшін компания атынан күзгі күртеше, кәде сыйлық және конкурсқа қатысқаны үшін дипломды табыстаған.

Асқар Әлмұхаметов бірнеше республикалық және халықаралық деңгейдегі стартап конкурстардың жеңімпазы. Бұған дейін ол балалар үшін «Qulynym» мобильді қосымшасын жасап шықты. Бұл қосымшада мектепке дейінгі балалар үшін қазақ тілді контент жинақталған. Осылайша Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы IT саласын жетік меңгеру арқылы ұлттық технология саласын жаңғыртуды көздейді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com