Атырау облысы аумағында екінші карантин басталғаннан бері (5 шілдеден бастап) полиция қызметкерлерімен 1596 шектеу шараларын бұзушылық анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, карантин режимі талаптары мен шектеулердің сақталуын бақылау мақсатында 11 шілдеден бастап өңірде мониторингтік мобильді топтар құрылды. Құрамында әкімдік, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау басқармасының өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері бар мобильді топтары жүйелі түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Облыс орталығы Атырау қаласы мен жеті ауданда өткізілген рейдтер барысында азық-түлік дүкендері, кафелер, көлік жуу орындары, көлік жөндеу орталығы, тегершік жөндеу шеберханалары және қызметі уақытша тыйым салынған, шектелген және санитарлық талаптарды міндетті түрде сақтай отырып рұқсат етілген басқа да объектілер тексерілді.
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев мәлімдегендей, бүгінде мобильді топтар 900-ден астам түрлі заң бұзушылықтарды анықтады.
Облыста тамыздың 1-12 аралығында 359 карантин режимін бұзушылықтар тіркелген, олардың арвсындв, санитарлық талаптарды сақтамаудың 21 фактісі, сондай-ақ шектеулерге қарамастан өз қызметін жалғастырған 43 дүкен және салынған тиымдарды орындамаған екі сауна, 2 көлік жуу орындары бар.
Сонымен қатар, отбасылық мерекелер өткізгенудің сегіз дерегі анықталды, оның екеуі Қызылқоға ауданының Сағыз ауылының екі тұрғыны әрқайсысы 40-50-ден адам шақырып, той өткізген. .
Анықталған барлық деректер бойынша жинақталған іс-құжаттар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына , өздеріңізбен туыстарыңыздың, өзге де азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін санитарлық нормаларды сақтай отырып, карантиндік талаптарды мүлтіксіз орындау керек екенін ескертеді.