АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КӨЛІКТЕРГЕ ҚАРСЫ ЖҮГІРГЕН ҚЫЗДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУЫ БАР БОЛЫП ШЫҚТЫ (ВИДЕО)

Кеше, сағат 22:30 шамасында Атырау қаласы, Атамбаев көшесіндегі асфальттың үстімен жүрген әйелдің қызық әрекетін патрульдік полция қызметкерлері байқайды. Ол авариялық жағдай тудырып, сонымен қатар өз денсаулығына қауіп келтіре әрлі-берлі өткен көліктерге қарсы жүгіріп жүрген.

«Аталған азаматша психоневрологиялық есепте тұрған Қызылорда қаласының тұрғыны екендігі және Атырауға келмес бұрын Ақтөбе қаласында болғандығы анықталды. Қазіргі таңда полиция бөлімшесіне орналастырылды. Коронавирусқа қатысты анализының жауабы шыққаннан кейін туыстары келгенше психоневрологиялық диспансерде болады, – depti Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button