АТЫРАУДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫНА ТАҒЫ 11 ТҮЛЕК ИЕ БОЛДЫ

by Depti
0 views

Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен тағы 11 жас түлек облыс әкімінің грантына ие болды, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.

Оның ішінде 10 түлек – дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау, 1 жас – кітап ісі мамандығы бойынша білім алатын болады. Осылайша, аймақ басшысы бөлген білім грантын иеленгендер саны 89 түлекке жетті. Жергілікті билік осы арқылы өңірдегі жас мамандар санын толықтырмақ ниетте.

Айта кетейік, грант иегерлерінің тізімі «Прикаспийская коммуна» және «Атырау» газеттерінде жарияланатын болады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com