АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МАЛ ІЗДЕП ШЫҒЫП, АДАСЫП КЕТКЕН АЗАМАТ ТАБЫЛДЫ

Индер аудандық полиция бөліміне 20 қыркүйек күні сағат 22:00 шамасында Өрлік ауылының тұрғынынан осы ауылға қарасты «Көкат» шаруа ​ қожалығының ​ жұмысшысы 51 жастағы Аманкелді Есов мал айдап белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті, – depti Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аудан полицейлері жедел іздестіру жұмыстарын хабарлама түскен сәттен бастағанымен, бір күн бойы іздестіру шарасы ешқандай нәтиже бермеген. Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын тоқтатпай, нәтижесінде​ келесі күні. яғни 22 қыркүйек ​ таңғы сағат 03:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының ​ Жаңақала ауданы Мәштісай ауылының «Сабила Құдық» учаскесінің шабындық жерінен табылады.

Жолдан адасып, екі күн бойы азықтанбай, әбден әлсіреп, оның үстіне жауын астында қалған азаматқа полицейлер дереу алғашқы көмек көрсетіп, киімдерін ауыстырып, аман-есен үйіне жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button