Қазақстанда

КЕЗЕКШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНАН СOVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, –  depti Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

«14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы – мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді», – деді Кожахметов.

Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық. Онымен бірге 12 бала оқыған. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.

Фото ашық дереккөзден алынды

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button