АТЫРАУДЫ ЕКІ САҒАТ АЙНАЛҒАН ҰШАҚ АЛМАТЫҒА КЕШІГІП ҰШТЫ

by Depti
1 views

7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні «Атырау-Алматы» рейсін орындайтын «FlyArystan» лоукостерінің ұшағы Атырауды екі сағаттай айналып ұшып, кейін әуежайға қонды. 

«FlyArystan» баспасөз қызметінің өкілі Ләззат Набиеваның хабарлауынша, ұшақ Атырау әуежайынан көтерілгеннен кейін авионика бөлігінің (борттық аспап) желдету жүйесінің істен шыққандығы туралы дабыл қағылып, экипаж әуежайға оралуға шешім қабылдаған.

index2

Осындай жағдайларға арналған регламентке сәйкес, қону үшін ұшақ отынын жағып, Атыраудың үстінен айналып ұшып жүрген, өйткені толық бакпен қонуға болмайды. Әуежайда мамандар ұшақты тексеріп, қысқа уақыт ішінде борт ұшуға рұқсат алды, – дейді Ләззат Набиева. – Борт әуежайда 1 сағат 40 минут болды. Уақыттың көп бөлігі жолаушылар (117 адам) мен жүкті түсіруге, оларды тексеруге және кері отырғызуға кетті, depti «FlyArystan» өкілдері.

Ұшақ Алматыға сағат 00:40-та ұшты. Осы оқиғаға байланысты 27 жолаушы ұшудан бас тартты. Билеттердің ақшасы қайтарылмады.

.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com