ЖЫЛЫОЙЛЫҚ ЕКІ ТҰРҒЫН ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕН ҚАШЫП ЖҮРГЕН

by Depti
0 views

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Жылыой аудандық пробация қызметінің инспекторларымен пробациялық бақылаудан жасырынғандар ұсталды.

Сот үкімімен ауданның екі тұрғынына шартты түрде жаза тағайындалғанымен, олар ай сайынғы белгіленуге келмей, инспекторлардан жасырынған.

2017 жылдың мамыр айында Жылыой аудандық сотының үкімімен жергілікті тұрғын ҚР ҚК 191 (Тонау) бабымен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Алайда сот үкімін орындамай, жергілікті пробация қызметіне белгіленуге келмеген. Осыдан соң оған іздеу жарияланған.

Пробация инспекторларымен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде, аталған сотталған Құлсары қаласында жалдамалы пәтерде тұрып жатқандығы анықталып, Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орнына әкімшілік қамаққа алынды,- деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі.
Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап іздеуде болған Жылыойлық азамат тамыз айында Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің қызметкерімен ұсталып, қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті КА-168/1 мекемесіне қамалды.

Аталған сотталғанға Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық №2 сотының 2018 жылғы 28 наурыздағы қаулысының негізінде жазасының 1 жыл 15 күн өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, пробациялық бақылау орнатылған болатын. Бірақ ол берген мүмкіншілікті пайдаланбай, пробация инспекторларынан жасырынды, – дейді Атырау облысы ҚАЖД Жылыой аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Гүлдана Карасаева.


Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Атырау облысында 600-ден астам адам пробация қызметі есебінде тұр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com