АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРДІ

«Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров бастап апарған облыстық дәрігерлер бригадасының құрамында балалар, ересектер​ невропатологы, хирург–ортопед, ЛОР, кардиолог, окулист, фтизиатр мамандар бар» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Азғыр өңіріне іс сапар аясында дәрігерлік бригада 358​ адамды қабылдап, медициналық кеңес берді.
Сонымен бірге, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек​ Қабдықапаров Құрманғазы ауданында орналасқан денсаулық сақтау мекемелерін аралап, медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында пандемиямен күреске жұмылдырылылған денсаулық сақтау саласы мамандарына үстемақы, өтемақы төлеу мәселесі, медициналық қызмет үшін өзекті автокөлік проблемасын шешу жолдары, коронавирус инфекциясының болуы мүмкін «екінші толқынына» дайындық жайы талқыланды.
«Бүгінгі таңда Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында оттегі стансасы салынуда. Станса оттегінің үздіксіз өндірілуін қамтамасыз етеді. Бұл қазандық оттегі балондарын тасымалдау қажеттілігін жояды.Сонымен бірге, Құрманғазы ауданындағы денсаулық сақтау мекемелерінде жеке қорғаныш заттары, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті» дейді Нұрлыбек​ Қабдықапаров.
Сапар аясында Азғыр ауылындағы​ дәрігерлік пунктке үш оттегі концентраторы табысталды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Еске сала кетелік, Құрманғазы ауданы бойынша 33​ ​ емдеу – сауықтыру мекемесі жұмыс істеп жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button