АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 84 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙДІ ТОНАҒАН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ

grozny nine cities012 1300x870 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысының Қызылқоға ауданы полицейлері 80-нен асқан әжені үйіне келіп тонап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 31 тамыз күні сағат 22.50 шамасында болған. Кіре беріс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, белгісіз ер адам заңсыз үйге кірген. Осы кезде үйде қарт әжеден басқа ешкім болмаған.

Қылмыскер оң қолымен әжемнің аузын жауып, сол қолымен құлағынан алтын сырғаларды алып кеткен. Әжем бұл оқиғадан осы күнге дейін есін жияр емес, шошып кетті. Оқиға туралы дереу полицияға хабарластық, – depti жәбірленушінің немересі. Жедел іздестіру шаралары барысында аудан полицейлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, тапты.
Тергеп-тексеру ҚР ҚК 191-бабының 3 бөлігі «Үй- жайға заңсыз кіруімен жасалған тонау»бойынша жүргізілуде.
Жәбірленуші қарт ана тонаушыны ұстаған тәртіп сақшыларына
алғысын айтып, оларға жемісті жұмыс тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған