АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ НӘЖІС ҚАЛДЫҚТАРЫН БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ЖЕРЛЕРГЕ ТӨККЕН 50 КӨЛІКТІ АНЫҚТАДЫ

by Depti
0 views

Атыраулық полицейлер қала шетінде орналасқан елді мекен аумақтарының абаттандыру кағидаларын бұзып, тұрмыстық жане нәжіс қалдықтарын белгіленбеген жерлерге төккен көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тартуда, – depti Атырау облыстық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Жақында патрульдік полицейлер осындай Газ 3307 (ассенизатор) автокөлігін анықтады. Аталған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 55 560 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 4 қыркүйек күні “Нұрсая” ықшам ауданында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен Газель автокөлігі аныкталып, оған қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 83 340 тенге айыппұл салынды.

Жыл басынан қала аумағында осы тектес құқық бұзушылықтар жасаған 50 көлік иелеріне айыппұлдар салынды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com