АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР МЕДИЦИНАНЫ ҚОЛДАУ ЭСТАФЕТАСЫН БАСТАДЫ

Атыраулық кәсіпкерлер алдағы уақытта ашылуы жоспарланып отырған 400 орындық инфекционды стационарға жасанды тыныстау аппаратын сыйға тартты. Бұл туралы олар әлеуметтік желіде жариялады.

Кәсіпкерлер республикалық  «Біз біргеміз» жобасын қолдап, Атырау қаласындағы екінші облыстық ауруханаға ЖТА сыйға тартуды жөн көрген.

  • «Короновирус індетінің өршуі еліміздегі ауыр ахуалға себеп болуда. Сондықтан біз инфекционды аурухана үшін  ЖТА сатып алдық. Өз эстафетамызды басқа кәсіпкерлерге де жолдаймыз» – дейді Арман Тугаев.

Айта кетейік,  бірнеше күн бұрын ашылуы жоспарланып отырған 400 орындық инфекционды стационарға демеушілердің қолдауымен  екі ЖТА алынған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button