САРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ДЕРТІМЕН КҮРЕСУГЕ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ОҚЫТЫЛУДА

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, бүгінде аймақта 4 мыңға жуық дәрігер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта олар Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеу, орналастыру бойынша арнайы оқытылуда. Дәрігерлердің көпшілігі коронавируспен күресу үшін стационарларда еңбек ететін болады.

  • Өкінішке орай, пандемия басталғалы бері облыста 115 дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 38-і дәрігер, қалғаны орта және кіші буын медицина қызметкерлері. Денсаулықтары жақсарған соң, олар өздерінің негізгі міндеттеріне, яғни адамдардың өмірін сақтауға қайтадан кіріседі, – depti Нұрлыбек Қабдықапаров.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта медициналық колледждің жоғарғы курс студенттерін карантиндік және провизорлық стационарларға еріктілер ретінде тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

  • Егер, келісім негізінде жұмыс істегісі келсе, олар ерікті ретінде тартылады, сәйкесінше, жалақы да төленеді. Медициналық колледждің жоғары курс студенттері дәрігерлерге инъекция жасауға, дене қызуын, қысымын өлшеуге, науқастарға дәрі-дәрмек беруге көмектеседі, – depti Нұрлыбек Қабдықапаров.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button