АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР БИЗНЕС ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары мектеп алды даярлық курстарын ұйымдастыру бойынша бизнес жобаны бастады, – depti аталған мектептің баспасөз қызметі.

«Бастауыш сынып оқушыларын қолдауға арналған онлайн-курстарды ашу идеясы аймақтық «Hackaton» конкурсында үздік деп танылды. «ARKA» бизнес жобасы оқушылардың ғаламтор желісі арқылы онлайн-курстарды ұйымдастыру және өз тәжірибесін таратуды көздейді.

Қазір жоғары сыныптың оқушылары қаржы табуға, еңбек етуге ден қойып келеді. Біздің қолымыздан келетін жұмыс түрі – сабақ беру. Осылайша біздер мектепте алған білімді өмірде қолдану арқылы ғаламтор желісінде онлайн-курстарды ашып пайда тапқымыз келді», – дейді Арута Срымова.

Оның айтуынша, «ARKA» бизнес жобасының негізгі мақсаты әлеуметтік осал топтағы ата-аналардың балаларына қолжетімді болатын мектепке дайындық курстарын ұсыну. Қазіргі уақытта бұл жоба арқылы білім алып жатқан 20-дан астам отбасы бар.

Камилла мен Арута онлайн дайындық курсына сұраныс артып келе жатқанын алға тартады. Өйткені жоғары сынып оқушыларының тәжірибесі болашақта дарынды балаларға арналған мектептерге түсуге ынталы ата-аналардың балаларына пайдасы зор. Мәселен, Тараз, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары онлайн-курстарын жүргізіп пайда табуда.

«Пандемия барысында көптеген оқу орталықтары жұмысын шектелді. Кейбір ата-аналар қымбат дәріс берушілердің қызметін жалдауға мүмкіндігі жете бермейді. Біз осы мәселеге көңіл бөле отырып, коммерциялық табыстан бұрын баланың нәтижелі дайындығына басымдық беруді дұрыс шешім деп санаймыз. Осылайша математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен дайындауға күш жұмсағымыз келеді. Одан бөлек бұл болашақта педагогикалық мамандықтан хабардар болуға және түлектердің де жеке дағдыларын дамытуға үлес қосар еді», – дейді жоба авторы Камилла Айтжанова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button