АТЫРАУДА

«Атырау» футбол командасы айыппұл арқалады

Мұнайлы өңір командасы 2 мамырда өз алаңында «Каспий» командасын қабылдаған болатын.

Футболдан ел біріншілігінің ІХ туры аясында өткен сол ойында стадионға жанкүйерлер жіберілген.

«Тәртіптік регламенттің 66-бабына сәйкес «Атырау» ФК-ға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Бұл 583 400 (бес жүз сексен үш мың төрт жүз) теңгені құрайды. «Атырау» футбол клубы 2021 жылдың 4 маусымына дейін айыппұл төлесін» -делінген Қазақстан футбол федерациясының ақпаратында.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Атырау» футбол командасына «Шахтермен» кездескеннен кейін айыппұл салынған еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button