АТЫРАУДАCOVID-19

Атырауда ХҚКО-да екпе бекеті ашылды

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де, келушілер де коронавируқа қарсы екпе алады.

Аталған орталық «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау филиалында 800-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 100 қызметкер вакцина алуға өз еркімен келісім беріп, екпе салдыра бастады. Вакцина салуға №2 Атырау қалалық емханасынан 1 дәрігер мен 2 медбике тартылған», – дейді филиалдың қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бекжан Ахметов.

Оның айтуынша, ХҚКО-дан «Спутник V» вакцинасының I компонентін «Нұрсая», «Болашақ», «Тұлпар» шағын аудандарының тұрғындары да алуына мүмкіндік жасалып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button