АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

by Depti
0 views

«Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Дарын  Шамұратов тағайындалды» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.  

Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов 1986 жылғы 16 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданының Бөдене ауылында дүниеге келген.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесін 2009 жылы Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратында бас маман, кейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2012-2017 жылдары аталған ауданның аппарат басшысы, ал 2017-ші жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, осыған дейін бұл лауазымда болған Полымбет Хасанов наурыз айында Исатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.  

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com