АТЫРАУДАИнфографика

АМӨЗ булану алқаптарын қалпына келтіру жұмыстарын бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіптік кәсіпорындардың аймақ экологиясына теріс әсерін азайту жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, Атырау МӨЗ TAZALYQ жобасы аясында булану алқаптарын қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстарын бастады.

Бұл зауыттың сарқынды суларын  булану алқабына ағызуды кезең-кезеңімен тоқтатуды, оны пайдалануды және Атырау өңірінің жер асты суларына, флорасы мен фаунасына теріс әсерін болдырмауды білдіреді.

Жақын арада алқаптарға кіреберіс жолдарды, алқаптардың қалалық бөлігі мен АМӨЗ-ге тиесілі бөлігі арасында қоршау бөгетін салуға арналған алаңдарды дайындау жұмыстары басталады.

Әрі қарай, жоба технологиясына сәйкес булану өрістерінің аумағын 4 секторға бөліп, құрғата бастайды (оның ішінде қамыстарды шауып, жер жыртып және арнайы биологиялық өніммен өңдейді).

img 20210407 wa0031

5 сәуір  күні  дайындық жұмыстарын басталуына арналған салтанатты рәсіміне Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арыстан Қадыржан, экологиялық ҮЕҰ өкілдері, АМӨЗ және мердігерлік ұйымдардың басшылығы қатысты.

– 2021 жыл «Қазмұнайгазда» Экология жылы деп жарияланды және Атырау өңірі алдындағы өз жауапкершілігін түсіне отырып, Атырау мұнай өңдеу зауыты TAZALYQ сияқты ауқымды экологиялық жобаны жүзеге асыруда. Біз сарқынды суларды жоғары сапалы тазартуды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға ластаушы заттардың ағызылуын айтарлықтай төмендететін заманауи технологиялық процестерді іске қосамыз, – деп атап өтті «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ш.Данбай.

– Аталмыш сай бұл аймақтың басты мәселелерінің  бірі болып табылады. Ол бойынша жұмыс экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен Атырау облысының әкімі бекіткен экологиялық проблемалар жөніндегі Жол картасына енгізілген. АМӨЗ – ге алғысымды білдіремін және халықтың таза ауамен тыныстап, осы еңбектің нәтижесін көруіне тілектеспін, – деді ашылу рәсімінде Әлібек Бекмұхаметов.

img 20210407 wa0028

ҚР Президенті алға қойған міндеттерді орындаудың стратегиялық маңыздылығын түсіне отырып, АМӨЗ TAZALYQ жобасын беделді қаржы институтымен және экологиялық жобаларды іске асырудағы көшбасшы – Еуропа Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл жоба тек экологиялық мәселелерді ғана емес, сонымен қатар аймаққа тән әлеуметтік мәселелерді де шешетіндігін көрсетеді. Атап айтқанда, өткен жылдардағы кәсіпорын қызметінен қоршаған ортаға теріс әсер ету салдарын жоюға байланысты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button