АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда сары түтіннің себебі анықталды (+ВИДЕО)

Бүгін, 7 сәуір күні «Depti.kz» сайтының редакциясына Жылыой ауданының тұрғындарынан сары қою түтін шығып жатқаны жөніндегі бейнежазбалар түсті, деп хабарлайды «Depti.kz» тілшісі.

https://www.youtube.com/watch?v=dLokAT01FVE

Осыған орай, біз дереу Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз хатшысы Эльнара Оралқызына хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрастырдық…

  • – 2021 жылғы 7 сәуір сағат 15: 20-да «КТЛ» зауыты КТЖ-2-нің 4-жолындағы «С511» қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған, – дейді ол. – Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.
  • «Теңізшевройл» ЖШС-імен автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Аталған департаменттен жоғарыда көрсетілген деректерге қатысты «ТШО»-ға жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Департаменттегілер соған сендірді.

Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланбақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button