АТЫРАУДА

Атырау қалалық білім бөлімі желідегі видеоға қатысты түсінік берді

БАСШЫСЫЛЫҚ ЖЕЛІДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ЖАЗБАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ.

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангерееваның айтуынша, қазіргі уақытта аталған білім беру ұйымына тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Әлеуметтік желіде М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектебінің директоры педагогтарды кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартты деген жазбаға сәйкес мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды»,-деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.

  • Қазіргі уақытта желіде келтірілген арыз бойынша Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тексеріс жүргізілуде. Жағдай қатаң бақылауда болады, – деді білім бөлімінің басшысы.

М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектебіне 2020 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Бүгінде жөндеу кезіндегі дұрыс жасалмаған жұмыстар бойынша кепілдік мерзімі ішінде қалпына келтіру туралы мердігер мекемеге хат жолданған.

Айта кетейік, мердігер мекеменің атауы – «Декор» ЖШС.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button