АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда қауіпті жерде шомылған балалар анықталды (+ВИДЕО)

Полицейлер Жайық өзенінде белгіленбеген жерге балаларын шомылдырған ата-аналарды анықтауда.

https://www.youtube.com/watch?v=sMccnOyRCzw&feature=youtu.be

16 мамыр күні сағат 19:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Жайық өзені жағалауында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің суға түсіп жүргендерін байқап, жаяу бекет қызметкерлеріне бағыттама берілді.

Жағалауға дереу жеткен полиция  қызметкерлері тексеру барысында кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірімнің   әкелерімен бірге жүргенін анықтап,  балалардың өзенге шомылуға жас-шамаларының жетпеуі және рұқсат етілмеген жерде шомылдырғаны  үшін профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Ескерту» берілді.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары жасөспірімдердің суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын толық сақтамауы,  түрлі оқыс оқиғаларға ұшыратуы мүмкін екенін ескертеді.

Қауіпті-қатердің орын алу себептерін атап айтқанда:

-ата-аналардың балаларды рұқсат етілмеген жерге шомылдыруы сондай-ақ суға шомылу кезінде қараусыз қалдыруы;

-арнайы жабдықталмаған аумақтарда шомылуы;

-балалардың суда абайсыз ойнауы;

-белгіленген жерден алыс жүзу;

-шомылған кезде үрмелі матрастарды, дөңгелектерді, иықбауларды, ойыншықтарды пайдалану.

Балалар суға түсу кезіндегі орын алар түрлі қауіп-қатерді ұмытып кетеді. Сол себептен, жазғы демалыс уақытында жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ата-аналарды балаларыңызға абай болуға шақырамыз.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТОВА,

Атырау облыстық ПД бөлім бастығы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button