АТЫРАУДА

Атыраулықтар орташа 405801 теңге жалақы алады

2021 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 405801 теңге құрап, 2020 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 17,2% өсті.

Салалық құрылымда жалақының ең жоғары  мөлшері, тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазу – 1359591 теңге (орташа облыстық деңгейден 3,3 есеге жоғары), ғылыми және техникалық қызмет саласында – 858035 теңге (2,1 есеге). Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлерде  – 87660 теңге, бұл  облыс бойынша  орташа  көрсеткіштен, тиісінше 78,4%  кем.

2021 жылғы I тоқсанда  2020 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалақының өсімі облыстың 6 ауданында байқалады. Айтарлықтай өсім  Жылыой ауданында – 56,6% болып отыр.

 Аудандық бөліністе ең жоғары жалақы Жылыой ауданында – 587699 теңге, бұл облыс бойынша орташа жалақыдан 44,8% артық.

58 kz 2021

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button