АТЫРАУДА

Атырауда 300 орындық спорт кешені ашылды (+ФОТО)

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау облысында 300орындық спорт кешені ашылды.

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидің айтуынша, Өрлік ауылындағы жаңа нысанның құрылысы былтыр басталған. Екі қабатты спорт кешенінің жалпы ауданы 896,2 шаршы метрді құрайды.

2105161530387263g
2105161530361462g

«Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған бұл нысан бұқаралық спортты дамытып, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздейді. Заманауи стандартқа сай салынған спорт кешені қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталды. Мұнда бір мезгілде 300 жасөспірімнің спорттың 5 түрімен, атап айтқанда, дзюдо, қазақ күресі, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетикамен айналысуына барынша жағдай жасалды. Спорт кешенінің жанында футбол алаңы бар», – дейді ауданы әкімі.

2105161530353161g

Ауылдың спортқа бейім жас өрендерін алдағы қыркүйектен бастап жаңа спорт кешеніне қабылдау көзделіп отыр.

210516152932a3788481d

«ҚазАқпарат»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button