COVID-19АТЫРАУДА

Атырау «сарыдан» «қызыл» аймаққа ауысты

518 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 49 адам Covid-19 жұқтырған. Ал, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 13 науқастан анықталды.

Сонлай-ақ, Жылыой ауданында 4, Индер ауданында 1, Қызылқоға ауданының 1, Құрманғазы ауданының 5, Мақат ауданының 4 тұрғынында Covid-19 індеті расталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 33 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста 77 адам коронавирустан емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 638 адам үй жағдайында, 147 – модульдік ауруханада, 121 – екінші облыстық ауруханада, 53 фтизиопульмонологиялық орталықта, 121 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 76 адам ем қабылдауда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button