АТЫРАУДА

Атырауда 61 отбасы жаңа пәтерге кірді

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында атыраулық 61 отбасы баспаналы болды» деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Пәтер кілті ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға табысталды. Игі іс «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Облыс орталығындағы Атырау ықшам ауданында табысталған жаңа пәтерлер сатып алу құқығынсыз берілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері 72 аз қамтылған отбасы қоныс тойын тойлаған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button