АТЫРАУДА

Түгі қалмай жанып кетті…

Оқиға 31 мамыр күні Атырау қаласында болған.

12 сағат 56 минутта Құнанбаев көшесі 4 қабатта орналасқан №26 «а» үй, №36 пәтерден түтін шығып жатқаны жөнінде хабар түсті.

Өрт кезінде үй иелері үйінде болмаған. Есік кілтеніп тұрғандықтан, өрт сөндірушілер үш үйінді саты арқылы 4 қабатқа көтеріліп, терезден кіріп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.

Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді» делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button