АТЫРАУДА

Атырауда алты мас жүргізуші анықталды

Атырауда мас күйде көлік тізгіндеген 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

9-11 шілде күндері аралығында, яғни, демалыс күндері патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйде көлік тізгіндеген 6 жүргізушіні анықтады. Оның ішінде біреуі мотоцикл жүргізушісі.

Мысалы, 10 шілде күні сағат 11:29 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері  Бейбарыс-Молдағұлова көше қиылысы тұсында  SUZUKI маркалы мотоциклін тоқтатып, тексеріс кезінде 1993 ж.т., жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған. Медициналық сараптаманың корытындысына сәйкес оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері ішімдік ішкен күйде көлік тізгіндеген 300-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button