АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атыраулық «атқа» мінемін деп айыппұл арқалады (+ВИДЕО)

Атырауда ат мүсініне мініп ескерткішті сындырған азамат жауапкершілікке тартылды.

https://youtu.be/2thkgj27Q9E

10 шілде күні сағат 19:50 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына белгісіз адам қоңырау шалып, Сәтпаев көшесі бойында орналасқан ат мүсінінің үстіне алкогольдік ішімдік ішкен азамат мініп, құлатып тастағандығы жөнінде хабарлама берген.

Хабарламаны тексеру кезінде,  полиция қызметкерлері Сәтпаев көшесінде орналасқан жерге бекітілген ю ат мүсінінің үстіне мініп, ат мүсінін сыныдырып тастаған 1978 ж.т., Орал қаласының тұрғынын анықтады.
Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес оның орта дәрежедегі мас күйде екендігі белгілі болды.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлімімен (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 3 бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 43 жастағы азамат сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button