АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атыраулық өз ауласында 14 түп есірткі өсірген (+ВИДЕО)

– Атырау облысы полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тыйым салынған марихуана есірткі өсімдіктерін күтіп-баптаған азаматты анықтады.

https://youtu.be/ZyF_yRH_KPc

Оның мекен-жайы бойынша ауласын тінту кезінде 10 дана өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі заттары 14 түп өсімдік «сора» екені белгілі болды – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру деректері бойынша үй қожайынына қатысты ҚР ҚК-нің 300 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button